Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте № 3403 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 02.09.2022 № 3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 02.09.2022 № 3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Акимовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі К.М. Максутов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 18 тамыздағы № 256
қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 02.09.2022 № 3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Өлшемшарт атауы

Иеліктен айыру түрі

1

Мемлекеттің алдағы уақытта аудандық коммуналдық мүлікті бақылауда мүдделігінің болмауы

Аукцион түріндегі жекешелендіру

2

Аудандық коммуналдық мүлікті сату шарттарын белгілеу қажеттілігі (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу)

Тендер түріндегі жекешелендіру

3

Жалдаушылар (жалға алушылар) және сенімгерлік басқарушылар тиісті шартты тиісінше орындаған жағдайда

Тікелей атаулы сатылым


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады