Қарқаралы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 6 ақпандағы № 37 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 11 ақпанда № 6711-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 "Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3403 болып тіркелген);

      2) Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 3 "Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 256 "Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29669 болып тіркелген).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі Ә. Арғынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады