Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің әкімінің 31.03.2022 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 06-05-02-16/1 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің Көктас ауылының аумағында ірі қара малдарының арасынан жұқпалы ринотрахеит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаршығалы ауылдық округінің әкімі | Н. Искаков |