Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27483 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 25 наурыз № 06-05-02-16/143 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің Коктас ауылының аумағында ірі қара малдың арасында жұқпалы инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы №1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26638 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаршығалы ауылдық округінің әкімі Н. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады