Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қаңтарда № 26638 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің әкімінің 31.03.2022 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 06-05-02-16/1 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің Көктас ауылының аумағында ірі қара малдарының арасынан жұқпалы ринотрахеит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаршығалы ауылдық округінің әкімі Н. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады