Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің әкімінің 17.03.2022 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 06-05-02-16/729 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан жұқпалы инфекциялық ринотрахеит ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қоянды ауылдық округінің әкімі | С. Аубакиров |