Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 06-05-02-16/147 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылдық округінің Ақжол ауылының аумағында ірі қара малдарының арасында жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26753 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі | Ж. Аскербекулы |