Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 ақпанда № 26753 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 13.04.2022 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 06-05-02-16/29 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылдық округінің Ақжол ауылының аумағында ірі қара малдарының арасынан жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея аурулары пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі Ж. Аскербекулы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады