Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 сәуірде № 27688 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 06-05-02-16/147 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылдық округінің Ақжол ауылының аумағында ірі қара малдарының арасында жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26753 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі Ж. Аскербекулы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады