Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Тегісшілдік ауылдық округінің әкімінің 07.07.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 06-05-02-16/137 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округінің Қарынши ауылының аумағында ірі қара малдарының арасынан жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея аурулары пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Н. Қапан |