Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Тегісшілдік ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28040 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Тегісшілдік ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Тегісшілдік ауылдық округінің әкімінің 07.07.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 06-05-02-16/137 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округінің Қарынши ауылының аумағында ірі қара малдарының арасынан жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея аурулары пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н. Қапан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады