Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 06 мамырындағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Тегісшілдік ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 шілдеде № 28765 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 28 маусым № 06-05-02-16/230 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округінің Қарынши ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит пен вирустық диарея ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 06 мамырдағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28040 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      әкім Н. Қапан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады