"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 28 маусым № 06-05-02-16/230 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округінің Қарынши ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит пен вирустық диарея ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 06 мамырдағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28040 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
әкім | Н. Қапан |