Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің әкімінің 19.10.2022 № 04 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылы 27 мамырдағы № 06-07-2-35/185 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің Қызылтас, Жуантөбе, Басқорық ауылдарының аумағында ірі қара малдарының арасынан жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея аурулары пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жансары ауылдық округінің әкімі | Е. Доненбаев |