Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 02 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 маусымда № 28422 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 04 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің әкімінің 19.10.2022 № 04 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылы 27 мамырдағы № 06-07-2-35/185 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің Қызылтас, Жуантөбе, Басқорық ауылдарының аумағында ірі қара малдарының арасынан жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея аурулары пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жансары ауылдық округінің әкімі Е. Доненбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады