Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 04 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қазанда № 30231 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысының Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 5 қазандағы № 06-07-2-35/417 ұсынысының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің Қызылтас, Жуантөбе, Басқорық ауылдарының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея ауруларын жою жөніндегі кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.

      2. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28422 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жансары ауылдық округінің әкімі Е. Доненбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады