Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес және Шет ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 06-08-02/222, ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Шет ауданы Тағылы ауылдық округі Жұмыскер ауылының аумағында ірі қара малдың вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит ауыру ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тағылы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 наурыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27434 болып тіркелген) № 01 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тағылы ауылдық округінің әкімі | Н. Аринов |