Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы Тағылы ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 01 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27434 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы Тағылы ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 22 шілдедегі № 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы Тағылы ауылдық округінің әкімінің 22.07.2022 № 02 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Шет ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 06-08-02/19 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Шет ауданы Тағылы ауылдық округі Жұмыскер ауылы аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диарея ауруларының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тағылы ауылдық округінің әкімі Н. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады