Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 23.10.2024 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7771 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар қосымша берілсін";
көрсетілген шешімнің қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар".
аталған шешімнің қосымшасы 27 қатарымен толықтырылсын:
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Байкадамов |