Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қарашада № 7771 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 120 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 23.10.2024 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 48-сессиясының төрағасы Б. Махашов
      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы К. Бисенов

  Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазаны № 474 шешіміне қосымша

Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихатының 14.04.2021 № 25; 15.04.2022 № 98; 07.09.2022 № 135; 12.10.2022 № 141; 24.04.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Ауру түрі

Халық санаты

Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)

Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны)

1

Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың дәрежесіне қарамастан барлық түрлері

- Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мл;
- Ацетилцистеин 100 мг, 200 мг;
- Ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған. 3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады);

2

Идиопатикалық және екіншілік өкпе артериясының гипертензиясы

 
II, III, IV сатылары

- Силденафил 25 мг, 50 мг;
- Бозентан 125 мг;
- Риоцигуат 2,5 мг;
- Илопрост ингаляцияға арналған ерітінді, 10 мкг/мл, 2 мл;
- Мацитентан 10 мг

3

Аяқтың эмболиясы және тромбозы

Басқа антикоагулянттық дәрілік препараты қолдану мүмкін болмағанда

- Ривароксабан 10 мг, 20 мг;
- Эноксапарин Натрия 0,6 мг;

4

Ювенильді идиопатиялық артрит (балалардағы)

Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық дәрілік препаратты ем ретінде қолдану

- Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді; - Инфликсимаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; флакон;
- Циклоспорин

5

Буллезды эпидермолиз

Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

- Таңып-байлау материалдары, санитарлық гигиенаға арналған зат (сабын) мамандандырылған қорек;

6

Бехчет ауруы

- Инфликсимаб 100 мг;

7

Көмей стенозы IV дәрежесі (балалардағы)

- Оттегімен жасанды қамтамасыз етуге және санитарлық гигиенаға арналған залалсыздандыру материалдары;
- Будесонид, дозаланған ингаляцияға арналған суспензия 0,25 мг/мл 2 мл;
- Повидон - йод 1%-50 мл;
- Флуимуцил 100 мг/мл, инъекция мен ингаляцияға арналған ерітінді;
- Натрия хлорид 0,9%-100,0;
Хлоргексидин биглюконаты, сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 0,05%;

8

Целиакия

Туа біткен ферментопатия кезіндегі алмастырғыш дәрілік препарат.
Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

- Панкреатин 10000 ЕД/150 мг; - Панкреатин 25000 ЕД/300 мг;
- Глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз нан пісіруге арналған ұн қоспасы;
- Глютенсіз, жұмыртқасыз, сүтсіз макарон

9

Созылмалы қабынулық демиелинизациялық полинейропатия

Инфекцияға ағзаның қарсы тұра алу қабілетін қамтамасыз ететін екіншілік гуморальды препарат

- Адами қалыпты иммуноглобулин G 50 мл, 100 мл;

10

Остеопароз

Остеопаразоның генерализацияланған нысаны, ауыр ағымы, III, IV дәрежелері, сүйек кемегінің бұзылуы ұлғайған кезінде

- Золедрон қышқылы 5 мг/100 мл;

11

Туа біткен гиперинсулинизм

Туа біткен гормонопатия кезіндегі алмастырғыш препараты

- Октреотид 0,05мг/мл, 0,1мг/мл;

12

Көптік миелома

Патогенетикалық, Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады.

- Даратумумаб инфузиялық ерітіндіні дайындайтын концентрат;
- Иксазомиб капсула;
- Помалидомид
капсула.

13

Қант диабеті 1 типі, ауыр ағымда декомпенсация сатысы

Гипергликемиялық жағдайға байланысты

- Инсулиндік помпаға арналған резервуар 3 мл, инсулин помпасына жиынтық;

14

Бүйректің гетеротоксикалық аллотрансплантациясынан кейінгі жағдай

Ағзалар трансплантациясынан кейінгі қауіп тобына жататын науқастарды цитомегаловирустық инфекцияның алдын алу мақсатында

- Валганцикловир қабықпен қапталған 450 мг таблетка;

15

Дюшенн бұлшықет дистрофиясы

Молекулалық генетикалық зерттеулер

Жүйке-бұлшықет панелі/ бір жолғы зерттеу;

Патогенетикалық, Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

- Дефлазакорт таблетка;
- Левокарнитин ішуге арналған ерітінді, инъекцияға арналған ерітінді.

16

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, терминалдық сатысы

Қан алмастырғыштар, диализ

- Физионил 1,36%-2,0 л (пакет, қақпағымен);
- Физионил 2,27%-2,0 л (пакет, қақпағымен);
- Қосымша материалдары (өтпелі түтік, катетр, қысқыштар, дренаждық компонент, магистраль жиынтығы)

Жасанды қоректік сұйықтық, өмір сүру ұзақтығын ұзартады

Нутрикомп Дринк ренал-ванильді-200 грамм-1 құты;
Нутриком стандарт-500,0 мл (0,5-л, энтеральді қоректендіруге арналған жүйе)

17

Лимфоэпителиальды және назофарингеальды карцинома

Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

- Бетаферон флакон 0,3 мг;

18

Псориаз

Диспансерлік есепте тұрған ересектер

Ауырлықтың дәрежесіне қарамастан барлық түрлері

- Бетаметазон, салицил қышқылы, 15 гр жақпа майы;

19

Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

- Неоцитотект 1000Е/10 л

20

Психикалық және мінез-құлықтық ауытқулары

"Д" есепте тұрмайтындар үшін

Депрессиялық жағдайлар
Қобалжу

- Сертралин 50 мг таблетка;
- Флувоксамин 50 мг таблетка.

21

Эпилепсия

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауыр дәрежесі

- Вигабатрин 500 мг

22

Жұлын бұлшықетінің атрофиясы

Диспансерлік есепте тұрған балалар

І, ІІ типті

- Нусинерсен 12 мг/5 мл

23

Криопирин-ассоциирленген кезеңдік синдромы (CAPS)

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық дәрілік препаратты ем ретінде қолдану

- Канакинумаб 150мг

24

Жүйелі қызыл жегі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

Ритуксимаб көктамыр ішіне инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
флакон

25

Амиотрофиялық бүйірлік склероз

Рилузол қабықпен қапталған таблетка

26

Гепатоцеллюлярлық карцинома

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

-Атезолизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
флакон

27

Тұқым қуалайтын анги-оневро-тикалық ісіну

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

Ингибитор С1-эстеразы (Цинрайз) иньекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат
500 МЕ
флакон

28

Біріншілік остеопороз

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

- Терипаратид
тері астына енгізуге арналған ерітінді Шприц-ручка

29

Нейрофиброматоз 1 типті, плексиформды түрі

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

- Селуметиниб

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      мг - миллиграмм;

      мл - миллилитр;

      мкг - микрограмм;

      % - пайыз;

      гр - грамм.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады