Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістермен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 135 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 29525 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 120 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 23.10.2024 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызылорда облыстық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7771 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар қосымша берілсін";

      көрсетілген шешімнің қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар".

      аталған шешімнің қосымшасы 27 қатарымен толықтырылсын:

27

Тұқым қуалайтын анги-оневро-тикалық ісіну

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

Ингибитор С1-эстеразы (Цинрайз) иньекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат
500 МЕ
флакон

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады