Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 141 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қазанда № 30228 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 120 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 23.10.2024 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 120 шешімімен.

      Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызылорда облыстық мәслихатының "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7771 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасының 12 қатары жаңа редакцияда жазылсын:

12

Көптік миелома

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Патогенетикалық, Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады.

- Даратумумаб инфузиялық ерітіндіні дайындайтын концентрат;
- Иксазомиб капсула;
- Помалидомид
капсула.

      аталған шешімнің қосымшасы 28 қатарымен толықтырылсын:

28

Біріншілік остеопороз

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады

- Терипаратид
тері астына енгізуге арналған ерітінді Шприц-ручка

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н. Байкадамов

О внесении изменения и дополнения в решение Кызылординского областного маслихата от 21 октября 2020 года № 474 "О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатных условиях"

Решение Кызылординского областного маслихата от 12 октября 2022 года № 141. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 октября 2022 года № 30228. Утратило силу решением Кызылординского областного маслихата от 23 октября 2024 года № 120.

      Сноска. Утратило силу решением Кызылординского областного маслихата от 23.10.2024 № 120 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Кызылординский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кызылординского областного маслихата "О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатных условиях" от 21 октября 2020 года № 474 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7771) следующее изменение и дополнение:

      строку 12 приложения к указанному решению изложить в новой редакции:

12

Множественная миелома

Все категории, состоящие на диспансерном учете

Патогенетическое, улучшает качество жизни и удлиняет продолжительность жизни

 - Даратумумаб концентрат для приготовления инфузионного раствора; - Иксазомиб капсула; - Помалидомид капсула

      приложение к указанному решению дополнить строкой 28:

28

Первичный остеопороз

Все категории, состоящие на диспансерном учете

Улучшает качество жизни и удлиняет продолжительность жизни

- Терипаратид раствор для подкожного введения шприц-ручка

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Секретарь Кызылординского областного маслихата Н. Байкадамов