Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 23.10.2024 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 120 шешімімен.
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7771 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасының 12 қатары жаңа редакцияда жазылсын:
аталған шешімнің қосымшасы 28 қатарымен толықтырылсын:
28 | Біріншілік остеопороз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады |
- Терипаратид |
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Байкадамов |