Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы" 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2955 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларында (бұдан әрі-Қағидалар):
6 тармақтың 2) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8 тармағына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11-1 тармақтың 1) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Қағидалардың қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзуге жол берілмейтін орындар";
Қағидалардың қосымшасы келесідей мазмұндағы абзацтармен және 1), 2), 3) тармақшалармен толықтырылсын:
"Қарақия ауданы бойынша:
1) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр құрайтын Жыланды жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары;
2) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр құрайтын Тоқмақ жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалай аймақтары;
3) ұзындығы 3500 метр және ені 30 метр құрайтын "Абай" жүзбелі маневрлік базасы аумағынан Саржа бағытына қарай жағалау аймақтары.
Мұнайлы ауданы бойынша:
ұзындығы 380 метр және ені 170 метр құрайтын Батыр ауылдық округінен солтүстік-шығыста 7 км қашықтықта орналасқан уран кеніштері мен қалдықтары бар қауіпті көл аймағы.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |