Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2."Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |
Маңғыстау облысының әкімдігінің | |
2022 жылғы 30 мамырдағы | |
№ 81 | |
қаулысына қосымша |
2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны | Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | Туристік-өлкетану | 250 | 12294 |
2 | Экологиялық-биологиялық | 250 | 12294 |
3 | Ғылыми –техникалық | 1500 | 12294 |
4 | Әлеуметтік-педагогикалық* | 1000 | 12294 |
Барлығы | 3000 | - |
* оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар.