2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 81 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 маусымда № 28385 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2."Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 30 мамырдағы
  № 81
  қаулысына қосымша

2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері

Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны

Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

Туристік-өлкетану

250

12294

2

Экологиялық-биологиялық

250

12294

3

Ғылыми –техникалық

1500

12294

4

Әлеуметтік-педагогикалық*

1000

12294

Барлығы

3000

-

      * оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады