Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы" 2019 жылғы 22 ақпандағы № 24/302 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3826 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |