Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 24/302 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 ақпанда № 3826 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/165 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 24.08.2022 № 13/165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабының 3) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Ж. Әбілов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағалық етуші, облыстық мәслихат хатшысы С. Трұмов

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2019 жылғы 22 ақпандағы
  № 24/302 шешімімен
  бекітілген

Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері

Индикаторлар

Нақты

Болжамы

2016 жыл

2018 жыл

2021 жыл

2023 жыл

2026 жыл

ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫ






1.

1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші

30,38

30,40

30,42

30,44

31

2.

1000 адамға шаққандағы халықтың жалпы өлім-жітімі

4,39

4,37

4,35

4,33

4,0

3.

Туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы

73,8

74,0

75,1

76,2

77,0

4.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар үлесі, ЖІӨ-ге %

1,14*

1,74

1,98

3,46

4,95

5.

Оңтайлы физиологиялық критерийлерге сәйкес келетін ауыз суға жүйелі қол жетімділігі бар халықтың үлесі, %

96,1

99,8

100

100

100

6.

Жағалау станциясының, ғасыр кескіні және "Ақтау теңіз порты" АЭА суы ластануының ең жоғары индексі шартты бірлігі

0,3

0,3

0,3

0,2

0,1

7.

Ақтау қаласында және "Ақтау теңіз порты" АЭА атмосфера ластануының ең жоғары индексі шартты бірлігі

0,3

0,3

0,3

0,2

0,1

8.

Еріген оттегінің концентрациясы, мониторингтің барлық станциялары бойынша орташа, бір литр суға миллиграмм

10,0

8,0

7,0

6,0

5,0

9.

Атмосфераға ластаушы заттардың меншікті жалпы шығарындысы, ЖІӨ миллион теңгесіне тонна

0,03

0,03

0,03

0,02

0,01

10.

Атмосфераға көміртегі оксидінің жалпы шығарындысы, ЖІӨ миллион теңгесіне тонна

0,0005

0,0004

0,0003

0,0002

0,0001

11.

Атмосфераға азот оксидтерінің жалпы шығарындысы, ЖІӨ миллион теңгесіне тонна

0,004

0,003

0,002

0,002

0,001

12.

Су көздеріне ластаушы заттардың төгінділері, ЖІӨ-нің миллион теңгесіне тонна

0,1

0,09

0,07

0,05

0,04

13.

Қоршаған ортада орналастырылатын уытты қалдықтардың көлемі, ЖІӨ-нің миллион теңгесіне тонна

0,08

0,06

0,04

0,02

0,02

14.

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату көлемін олардың пайда болуына ұлғайту, %

7,5

12,5

16,0

25,0

34,0

15.

Радиациялық-залалданған аумақтардың (жергілікті учаскелердің) саны, дана

5

5

4

4

3

16.

Өңірдің қоныстану аумақтарындағы шуылмен ластану деңгейі, децибел

80

70

65

65

65

17.

Киіктер саны, мың

1,5

2,0

3,0

4,5

6,0

18.

Ормандарды молықтыру және орман өсіру, гектар

300

300

600

900

2100

19.

Құмды алқаптардың өсімдік жамылғысын қалпына келтіру, гектар

2 500

3 000

3 500

4 000

4 500

20.

Ерекше қорғалатын мәртебесі бар аумақтардың үлесі, облыс ауданынан %

16,9

16,9

16,9

16,9

16,9

21.

Экологиялық төлемдерден алынған қаражаттар мен қоршаған ортаны қорғауға арналған облыстық бюджеттің шығыстары арасындағы арақатынас, %

19,0

30

35

40

45

22.

Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар, ЖІӨ %

0,93

2

2,6

3,9

5,7

23.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі, қоршаған ортаны қорғау шығындарынан %

14

13

10

10

12

      Ескерту:

      аббревиатураның ажыратылып жазылуы:

      ЖІӨ – жалпы ішкі өнім;

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады