Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының келесі шешімінің және шешімнің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы" 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №29/446 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2948 болып тіркелген) шешімі;
2) "Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №13/159 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3438 болып тіркелген) шешіміне қосымшасының 13 тармағы.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |