Қазақстан Республикасының Экология кодексіне, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Бейнеу аудандық мәслихатының "Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 7 наурыздағы № 10/84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 болып тіркелген) шешімі;
2) Бейнеу аудандық мәслихатының "Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 наурыздағы № 10/84 "Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 23 шілдедегі № 38/309 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3961 болып тіркелген) шешімі.
3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы | К. Мансуров |
Бейнеу аудандық мәслихатының | |
2022 жылғы 26 қазандағы № 25/235 | |
шешіміне қосымша |
Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың орташа жылдық норма көрсеткіштері |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 2,4 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,4 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 3,075 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 1,02 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,65 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,395 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,35 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,55 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,42 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,38 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,62 |
13 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 1,2 |
14 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер |
Сауда алаңы | 0,34 |
15 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,985 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,92 |
17 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, көлік жанар-май құю бекеті | 1 машина-орын | 2,35 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,95 |
19 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,95 |
20 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,43 |
22 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,49 |
22 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,84 |