Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 26.10.2022 № 25/235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 409 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17634 болып тіркелген), сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 10-15-197 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 наурыздағы № 10/84 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3326 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
реттік нөмірі 6 жол келесідей редакцияда жазылсын:
"
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,18 |
" ;
реттік нөмірі 7 жол келесідей редакцияда жазылсын:
"
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу – сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,915 |
";
реттік нөмірі 9 жол келесідей редакцияда жазылсын:
"
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,785 |
";
реттік нөмірі 10 жол келесідей редакцияда жазылсын;
"
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,89 |
";
реттік нөмірі 14 және 15 жолдар келесідей редакцияда жазылсын:
"
14 | Азық – түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м² | 1,095 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м² | - |
";
реттік нөмірі 16 жол алынып тасталсын.
2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту: аббревиатураның ажыратылып жазылуы:
м² - текше метр.
Сессия төрағасы | Т.Есекенов |
Бейнеу аудандық мәслихатының | |
хатшысы | А.Ұлұқбанов |