Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының "Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 20 мамырдағы №30/205 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2750 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы";
шешімнің 1 тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережеде:
"марапаттау", "марапаттауға", "марапатталады", "марапатталушының" сөздері "наградтау", "наградтауға", "наградталады" "наградталушының" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Меңдіханов |