Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 30/205 "Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 13/77 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27863 болып тіркелді

      Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының "Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 20 мамырдағы №30/205 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2750 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы";

      шешімнің 1 тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережеде:

      "марапаттау", "марапаттауға", "марапатталады", "марапатталушының" сөздері "наградтау", "наградтауға", "наградталады" "наградталушының" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Д. Меңдіханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады