Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 20.10.2023 № 7/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 2 (екі) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Меңдіханов |