Түпқараған ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 22/133 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қаңтарда № 31624 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 7/51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 20.10.2023 № 7/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 2 (екі) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Д. Меңдіханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады