Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 168 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 желтоқсанда № 31073 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 61 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 02.11.2023 № 61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға, табыстарын есепке алмай, екі еселік мөлшерінде ең төмен күнкөріс деңгейі, ай сайын;

      4) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға, табыстарын есепке алмай, амбулаториялық емдеу кезеңіне, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) білім беру гранттарының иелері, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алушы тұлғаларға, жартыжылдықта 1 рет, оның ішінде:

      өтiнiш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейi шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;

      табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      табыстарын есепке алмай, мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалту оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасында білім алуына байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетiледi.";

      6) барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға емделуге және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін медициналық тексеруге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар мөлшерінде жартыжылдықта 1 рет, бірақ жылына 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес.";

      7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:

      1) барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға, олардың оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 70 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      3) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      4) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      6) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың келесі санаттарына, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай:

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі - КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан, не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген болған адамдарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа адамдарға, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;

      7) мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыдан басқа табысы жоқ, жалғыз басты тұратын мүгедектігі бар адамдарға, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде көрсетіледі.";

      13 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "13. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін:

      осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш берген адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы не заңды өкілі өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) туберкулезбен ауырғанын және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) екінші абзацта көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) өтініш бергенге дейінгі соңғы он екі айдағы табысы туралы мәліметтерді;

      3) білім беру ұйымы берген оқу құны көрсетілген білім алғанын растайтын құжатты;

      4) үшінші абзацта көрсетілген адамдар үшін мүгедекті оңалтудың және оңалтудың жеке бағдарламасы;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тағайындауды және (немесе) емделуден және (немесе) медициналық тексеруден өтуді растайтын құжатты;

      3) емделуге және (немесе) медициналық тексеруге ақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады.";

      16 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "16. Осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген негiздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков

О внесении изменений в решение маслихата от 28 августа 2020 года № 511 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата города Костаная Костанайской области от 5 декабря 2022 года № 168. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 декабря 2022 года № 31073. Утратило силу решением маслихата города Костаная Костанайской области от 2 ноября 2023 года № 61

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Костаная Костанайской области от 02.11.2023 № 61 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Костанайский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 28 августа 2020 года № 511 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9419) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Социальная помощь оказывается периодически (ежемесячно, 1 раз в полугодие):

      1) ветеранам Великой Отечественной войны, на бытовые нужды, без учета доходов, ежемесячно в размере 10 месячных расчетных показателей;

      2) ветеранам и другим лицам, указанным в статьях 5, 6, 7, 8 Закона, на бытовые нужды, без учета доходов, ежемесячно в размере 3 месячных расчетных показателей;

      3) детям, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, без учета доходов, ежемесячно в размере двукратного прожиточного минимума;

      4) лицам, больным активной формой туберкулеза, состоящим на диспансерном учете в специализированной противотуберкулезной медицинской организации и находящимся на амбулаторном лечении, без учета доходов, ежемесячно в размере 10 месячных расчетных показателей на период амбулаторного лечения;

      5) лицам, впервые приобретающим техническое, профессиональное, послесреднее либо высшее образование (далее - образование), для оплаты обучения по фактической стоимости, связанной с получением образования в Республике Казахстан, перечисляемой двумя частями в течение учебного года в размере не более 400 месячных расчетных показателей, за исключением лиц, являющихся обладателями образовательных грантов, получателями иных видов выплат из государственного бюджета, 1 раз в полугодие, из числа:

      молодежи из семей со среднедушевым доходом за последние двенадцать месяцев перед обращением ниже величины прожиточного минимума, установленного по Костанайской области;

      молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, без учета доходов;

      лиц с инвалидностью всех категорий, имеющих рекомендацию в индивидуальной программе абилитации и реабилитации лица с инвалидностью, без учета доходов.";

      6) лицам с инвалидностью всех категорий на лечение и медицинское обследование, не входящее в гарантированный объем бесплатной медицинской помощи, без учета доходов, в размере фактических затрат 1 раз в полугодие, но не более 50 месячных расчетных показателей в год.";

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Единовременная социальная помощь оказывается следующим гражданам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации, а также отдельным категориям граждан к праздничному дню:

      1) лицам с инвалидностью всех категорий для возмещения расходов, связанных с их проездом в реабилитационные центры и обратно, без учета доходов, в размере не более 3 месячных расчетных показателей;

      2) гражданину (семье), пострадавшему вследствие стихийного бедствия или пожара, без учета доходов, в размере не более 70 месячных расчетных показателей;

      3) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, в размере не более 15 месячных расчетных показателей;

      4) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, супругов, зарегистрированных на день смерти в качестве безработных в центре занятости населения, а также лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей, в размере 15 месячных расчетных показателей;

      5) ветеранам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы, без учета доходов, в размере 1 000 000 (один миллион) тенге;

      6) следующим категориям лиц, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ко Дню Победы, без учета доходов:

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР) проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы Второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      работникам специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, которые в период Великой Отечественной войны были переведены на положение военнослужащих и выполняли задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также членам экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах, в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      родителям и не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне; супруге (супругу), не вступившей (вступившему) в повторный брак, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      ветеранам и другим лицам, указанным в статьях 5, 6, 7, 8 Закона, ко Дню Победы, без учета доходов, в размере 5 месячных расчетных показателей;

      7) одиноко проживающим лицам с инвалидностью, не имеющим дохода, кроме государственного пособия по инвалидности, в размере не более 15 месячных расчетных показателей.";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Для получения ежемесячной социальной помощи:

      впервые обратившиеся лица, указанные в подпунктах 1), 2) пункта 6 настоящих Правил, представляют заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий социальный статус заявителя;

      родитель, либо законный представитель лиц, указанных в подпункте 3) пункта 6 настоящих Правил, представляют заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий заболевание вирусом иммунодефицита человека;

      лица, указанные в подпункте 4) пункта 6 настоящих Правил, представляют заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий заболевание туберкулезом и нахождение на амбулаторном лечении;

      лица, указанные в подпункте 5) пункта 6 настоящих Правил, представляют заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) сведения о доходах лица (членов семьи) за последние двенадцать месяцев перед обращением, указанных в абзаце втором;

      3) документ, подтверждающий получение образования с указанием стоимости обучения, выданный учебным заведением;

      4) индивидуальная программа абилитации и реабилитации лица с инвалидностью для лиц, указанных в абзаце третьем;

      лица, указанные в подпункте 6) пункта 6 настоящих Правил, представляют заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий назначение и (или) прохождение лечения и (или) медицинского обследования;

      3) документ, подтверждающий оплату лечения и (или) медицинского обследования.";

      пункт 16 изложить в новой редакции:

      "16. При поступлении заявления на оказание социальной помощи по основанию, предусмотренному подпунктом 3) пункта 8 настоящих Правил уполномоченный орган в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Костанайского городского маслихата Б. Сандыбеков