ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 7 маусымдағы № 303 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6506 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі | Ж. Таукенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай облысы
Қостанай ауданы мәслихаты
Қостанай ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 7 қазандағы | |
№ 854 қаулысына | |
қосымша | |
Қостанай облысы | |
Қостанай ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы 7 маусымдағы | |
№ 303 қаулысына | |
қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдары:
1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) психоневрологиялық аурулары мен мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) хореограф;
2) музыкалық жетекші;
3) кітапханашы;
4) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
5) аккомпаниатор;
6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
7) барлық мамандықтағы мұғалімдер.