"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10 - 3 - бабының 1 - тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай - ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығы негізінде Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2022 жылға Меңдіқара ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ж. Байбулатова |
Mәслихаттың | |
2022 жылғы 18 ақпандағы | |
№ 77 шешіміне | |
қосымша |
Меңдіқара ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері
№ | Атауы | 1 м2 үшін шығыстардың ең төмен мөлшері (теңге) |
1 | Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері (коэффициентті есепке алмағанда) | 31,23 |
Ескерту: м2 – шарты метр