Меңдіқара ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 77 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26955 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10 - 3 - бабының 1 - тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай - ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығы негізінде Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2022 жылға Меңдіқара ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Байбулатова

  Mәслихаттың
  2022 жылғы 18 ақпандағы
  № 77 шешіміне
  қосымша

Меңдіқара ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері

Атауы

1 м2 үшін шығыстардың ең төмен мөлшері (теңге)

1

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері (коэффициентті есепке алмағанда)

31,23

      Ескерту: м2 – шарты метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады