Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 06.05.2024 № 112 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Науырзым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 278 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Г. Абенова |