Мәслихаттың 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 278 "Науырзым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2022 жылғы 5 тамыздағы № 145 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 тамызда № 29090 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2024 жылғы 6 мамырдағы № 112 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 06.05.2024 № 112 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Науырзым ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 278 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1 тармақ:

      бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Г. Абенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады