Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 06.12.2023 № 51 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұзынкөл аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9865 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"6. Әлеуметтік көмек мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға, табыстарын есепке алмай, ай сайын екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
4) техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі – білім) алғаш рет сатып алатын адамдарға оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуға байланысты нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін жартыжылдықта 1 рет 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, білім беру гранттарының иегерлері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, мыналардың ішінен:
өтiнiш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;
табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге табыстарын есепке алмай;
5) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
7-тармақтың 4) тармақшасы жана редакцияда жазылсын:
"4) медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін дәрілік заттар мен медициналық қызмет көрсетуге арналған барлық санаттағы мүгедектерге табыстарын есепке алмай, нақты шығындар мөлшерінде 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл аудандық мәслихатының хатшысы | А. Бараншина |