Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің 18.10.2022 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Федоров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 01-20/167 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің Запасное ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдың сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. "Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Костряков ауылдық округінің әкімі | С. Гончарук |