Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қыркүйекте № 29572 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің 18.10.2022 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Федоров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 01-20/167 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің Запасное ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдың сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. "Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Костряков ауылдық округінің әкімі С. Гончарук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады