Карантинді тоқтату және Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 11 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 15 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қазанда № 30258 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Занының 27-бабына сәйкес және Федоров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 10 қазандағы № 01-20/196 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі Запасное ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдың арасында сібір жарасы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 11 "Карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29572 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Костряков ауылдық округінің әкімі С. Гончарук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады