"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелді) бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері бекітілсін.
2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 31/1 қаулысымен бекітілген |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
№ | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары | Әкімшілік-аумақтық бірлік | Шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері | Қолданылу мерзімі |
1 | Күнбағыс майы | Павлодар облысы | литріне 756 теңге | 60 күнтізбелік күн |