Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 358/5 қаулысына қосымша |
Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы әкімдігінің 18.05.2023 № 114/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны | Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | Ғылыми-техникалық | 420 | 13016 |
2 | Туризм және өлкетану | 340 | 13016 |
3 | Экологиялық-биологиялық | 405 | 13016 |
4 | Көркемдік-эстетикалық | 610 | 13016 |
5 | Әлеуметтік-педагогикалық | 540 | 13016 |
6 | Гуманитарлық | 615 | 13016 |
7 | Жаратылыстану-математикалық | 400 | 13016 |
Барлығы: | 3330 | - |