Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 358/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 114/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 мамырда № 7339 болып тіркелді

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 358/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31257 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
18 мамырдағы № 114/2
қаулысына қосымша
  Павлодар облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
23 желтоқсандағы
№ 358/5 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері

Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны

Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

Ғылыми-техникалық

420

13016

2

Туризм және өлкетану

340

13016

3

Экологиялық-биологиялық

405

13016

4

Көркемдік-эстетикалық

610

13016

5

Әлеуметтік-педагогикалық

540

13016

6

Гуманитарлық

615

13016

7

Жаратылыстану-математикалық

400

13016

Барлығы:

3330

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады