Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 358/5 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 желтоқсанда № 31257 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
23 желтоқсандағы № 358/5
қаулысына қосымша

Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы әкімдігінің 18.05.2023 № 114/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері

Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны

Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

Ғылыми-техникалық

420

13016

2

Туризм және өлкетану

340

13016

3

Экологиялық-биологиялық

405

13016

4

Көркемдік-эстетикалық

610

13016

5

Әлеуметтік-педагогикалық

540

13016

6

Гуманитарлық

615

13016

7

Жаратылыстану-математикалық

400

13016

Барлығы:

3330

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады