Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкасын ұлғайту туралы" № 230/31 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы | М. Омаргалиев |